Авизон - С
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Авизон-С
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозалануы
Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған 2 г ұнтақ
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелі қолдануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Басқа бактерияға қарсы бета-лактамды препараттар. Үшінші буын цефалоспориндері. Цефоперазон, біріктірілімдер.
ATХ коды J01DD62
Қолданылуы
жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының, несеп шығару жолдарының бактериялық инфекцияларында
абдоминальді инфекцияларда (перитонит, холецистит, холангит және т.б.)
сепсисте
менингитте
тері мен жұмсақ тіндер инфекцияларында
сүйек пен буындардың инфекцияларында
кіші жамбас ағзаларының инфекциялық-қабыну ауруларында (эндометрит, соз және жыныс жолдарының басқа инфекциялары) абдоминальді, гинекологиялық, кардиоваскулярлық және ортопедиялық операциялардан кейінгі инфекциялық асқынулардың профилактикасында
Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- сульбактамға, цефоперазонға, цефалоспориндерге және бета-лактамды антибиотиктерге (оның ішінде пенициллиндерге) немесе препараттың кез келген басқа компонентіне аса жоғары сезімталдық
- жүрекішілік блокадалар
- жүректің ауыр жеткіліксіздігі
Егер еріткіш ретінде лидокаин ерітіндісі пайдаланылса, лидокаинді қолданудың қарсы көрсетілімдері жоққа шығарылуы тиіс (лидокаинді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз).
Құрамында лидокаин бар цефтриаксон ерітінділерін вена ішіне енгізуге болмайды.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Препаратпен емделу кезінде пациенттерде ауыр аллергиялық реакциялар (анафилаксиялық) дамуы туралы хабарланды. Осындай реакциялар анамнезінде көптеген аллергендерге аса жоғары сезімталдығы бар адамдарда жиі дамиды. Анамнезінде пенициллиндерге аллергиялық реакциялары бар пациенттерде ауыр реакциялар жағдайлары белгілі. Аллергиялық реакциялар дамығанда препаратты дереу тоқтату және сәйкес ем тағайындау керек. Ауыр анафилаксиялық реакциялар дереу жедел ем тағайындауды, атап айтсақ адреналинді енгізуді талап етеді. Көрсетіліміне қарай оксигенотерапия қолдану, глюкокортикостероидтарды вена ішіне (в/і) енгізу, трахеяның интубациясын қоса, тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету ұсынылады.
Басқа да антибиотиктерді қолданғандағы секілді, цефоперазонмен емдеу кейбір пациенттерде К дәрумені тапшылығының дамуына әкелуі мүмкін. Бұл құбылыстың механизмі, бәлкім, қалыпты жағдайда аталған дәруменді синтездейтін ішек микрофлорасының бәсеңдеуімен байланысты болуы мүмкін. Осылайша, қауіп тобы шектеулі тамақтанатын, сіңудің бұзылуы бар (мысалы өт қабы фиброзында) пациенттерді және ұзақ уақыт парентеральді қоректенудегі адамдарды қамтиды. Мұндай пациенттерде протромбиндік уақытты бақылау керек. Осындай бақылауды антикоагулянттармен ем алатын пациенттерге жүргізу керек. Аталған жағдайларда К дәруменін қосымша тағайындау керек. Басқа да бактерияға қарсы дәрілерді қолданғандағыдай, Авизон-С препаратымен ұзақ уақыт емдеу резистентті микрофлораның өсуі күшеюіне әкелуі мүмкін. Емдеу барысында пациенттер дәрігердің бақылауында болуы керек. Асқын инфекция дамыған жағдайда препаратты тоқтату және /немесе сәйкес ем тағайындау керек. Препаратпен ұзақ емдеген кезде бүйрек, бауыр және қан түзу ағзалары жүйесін қоса, ішкі ағзалар функциясының көрсеткіштерін әлсін-әлсін бақылау ұсынылады.
Өт шығару жолдары обструкциясында, бауырдың ауыр ауруында немесе бүйрек функциясының қатар жүретін бұзылуында препарат дозасын түзету талап етілуі мүмкін.
Емдеу курсы кезінде және Авизон-С препаратымен ем аяқталғаннан кейін 72 сағат ішінде алкоголь тұтынған жағдайда бет гиперемиясы, қатты терлеу, бас ауруы, тахикардия сияқты реакциялар байқалды. Сондықтан препаратты қолдану кезінде және оны қабылдауды тоқтатқаннан кейінгі 3 тәулік ішінде спирттік ішімдіктерді қолданудан аулақ болу керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Аминогликозидтерді Авизон-С препаратымен бір мезгілде қолданғанда нефроуытты реакциялар дамуы мүмкін. Осы препараттарды бүйрек ауруы бар пациенттерде бірге қолдануға болмайды. Бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайда бүйрек функциясын бақылау керек. Егер препарат пен аминогликозидтерді біріктіріп емдеу көзделсе, оны в/і құюды кезектестірумен жүргізу керек. Екінші препаратты енгізер алдында барлық инфузиялық жүйені сәйкес ерітіндімен мұқият шаю керек. Авизон-С пен аминогликозидті енгізу арасындағы уақыт аралығы барынша ұзақ болуы керек.
Кумаринмен, индандион туындыларымен, гепаринмен, тромболитикалық дәрілермен бір мезгілде қолдану қан кету қаупін арттыруы мүмкін. Қан ұюының бұзылуында біріктірілген емді сақтықпен тағайындайды. Авизон-С препаратымен емдеу кезінде және одан кейін қан ұюының қалыпты деңгейін демеу үшін антикоагулянттар дозасын түзету керек.
Ілмектік диуретиктерді Авизон-С препаратымен біріктіріп қолдану нефроуытты әсер туындатуы мүмкін. Бүйрек аурулары бар пациенттерде бір мезгілде қолдануға болмайды.
Емдеу курсы кезінде және Авизон-С препаратымен ем аяқталғаннан кейін 72 сағат ішінде алкоголь тұтынған жағдайда дисульфирамға ұқсайтын реакциялар байқалды. Авизон-С препаратымен емделу кезінде және ем аяқталғаннан кейін 72 сағат ішінде алкогольді, құрамында алкоголь бар препараттарды қолданудан аулақ болу керек.
Авизон-С аминогликозидтермен, амифостинмен, филграстиммен, лабеталолмен, меперединмен, никардипинмен, ондансетронмен, перфеназинмен, прометазинмен, сарграмостинмен, винорелбинмен үйлесімді емес.
Арнайы сақтандырулар
Препаратпен емделу кезінде пациенттерде ауыр аллергиялық реакциялар (анафилаксиялық) дамуы туралы хабарланды. Осындай реакциялар анамнезінде көптеген аллергендерге аса жоғары сезімталдығы бар адамдарда жиі дамиды. Анамнезінде пенициллиндерге аллергиялық реакциялары бар пациенттерде ауыр реакциялар жағдайлары белгілі. Аллергиялық реакциялар дамығанда препаратты дереу тоқтату және сәйкес ем тағайындау керек. Ауыр анафилаксиялық реакциялар дереу жедел ем тағайындауды, атап айтсақ адреналинді енгізуді талап етеді. Көрсетіліміне қарай оксигенотерапия қолдану, глюкокортикостероидтарды вена ішіне (в/і) енгізу, трахеяның интубациясын қоса, тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету ұсынылады.
Басқа да антибиотиктерді қолданғандағы секілді, Авизон-С препаратымен емдеу кейбір пациенттерде К дәрумені тапшылығының дамуына әкелуі мүмкін. Бұл құбылыстың механизмі, бәлкім, қалыпты жағдайда аталған дәруменді синтездейтін ішек микрофлорасының бәсеңдеуімен байланысты болуы мүмкін. Осылайша, қауіп тобы шектеулі тамақтанатын, сіңудің бұзылуы бар (мысалы өт қабы фиброзында) пациенттерді және ұзақ уақыт парентеральді қоректенудегі адамдарды қамтиды. Мұндай пациенттерде протромбиндік уақытты бақылау керек. Осындай бақылауды антикоагулянттармен ем алатын пациенттерге жүргізу керек. Аталған жағдайларда К дәруменін қосымша тағайындау керек. Басқа да бактерияға қарсы дәрілерді қолданғандағыдай, Авизон-С препаратымен ұзақ уақыт емдеу резистентті микрофлораның өсуі күшеюіне әкелуі мүмкін. Емдеу барысында пациенттер дәрігердің бақылауында болуы керек. Асқын инфекция дамыған жағдайда препаратты тоқтату және /немесе сәйкес ем тағайындау керек. Препаратпен ұзақ емдеген кезде бүйрек, бауыр және қан түзу ағзалары жүйесін қоса, ішкі ағзалар функциясының көрсеткіштерін әлсін-әлсін бақылау ұсынылады.
Өт шығару жолдары обструкциясында, бауырдың ауыр ауруында немесе бүйрек функциясының қатар жүретін бұзылуында препарат дозасын түзету талап етілуі мүмкін.
Емдеу курсы кезінде және Авизон-С препаратымен ем аяқталғаннан кейін 72 сағат ішінде алкоголь тұтынған жағдайда бет гиперемиясы, қатты терлеу, бас ауруы, тахикардия сияқты реакциялар байқалды. Сондықтан препаратты қолдану кезінде және оны қабылдауды тоқтатқаннан кейінгі 3 тәулік ішінде спирттік ішімдіктерді қолданудан аулақ болу керек.
Педиатрияда қолданылуы
Лидокаинді Авизон-С дәрілік препаратының еріткіші ретінде педиатриялық тәжірибеде қолдану ұсынылмайды.
Жүктілік және лактация кезінде
Препаратты жүктілерге және лактация кезеңінде анасы үшін болжамды пайдасы шарана немесе бала үшін әлеуетті қаупінен жоғары болған жағдайда қолдануға болады және маманның бақылауымен жүргізілуі керек.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор мехнаизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Сақтық шараларын сақтау керек.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Препарат вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізіледі.
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға: Авизон-С әрбір 12 сағат сайын 1-2 г-ден (сәйкесінше, 0,5-1,0 г цефоперазон және 0,5-1,0 г сульбактам).
Ауыр, өмірге қауіп төндіретін инфекцияларда - 4,0 г-ден (2,0 г цефоперазон және 2,0 г сульбактамнан) әрбір 12 сағат сайын вена ішіне.
Сульбактамның ең жоғары тәуліктік дозасы 4,0 г аспауы керек.
Препаратты 1:1 арақатынаста қабылдайтын науқастарға цефоперазонды қосымша енгізу қажет болуы мүмкін.
Айқын бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда дозаны түзету талап етілуі мүмкін. Креатинин клиренсі минутына 15-30 мл болғанда Авизон-С препаратын әрбір 12 сағат сайын 1,0 г-ден енгізеді; Креатинин клиренсі минутына 15 мл кем болғанда – әрбір 12 сағат сайын 0,5 г-ден. Ауыр инфекцияларда Авизон-С қосымша енгізу талап етілуі мүмкін. Гемодиализдегі науқастарға Авизон-С препаратын дереу диализ сеансы аяқталған бойына енгізеді.
Бауыр функциясының бұзылуында дозаны өзгерту тек өт жолдарының ауыр бітелуі жағдайында және бауырдың ауыр ауруларында, сондай-ақ қатар жүретін бүйрек пен бауыр жеткіліксіздігінде талап етілуі мүмкін. Осы жағдайларда Авизон-С сарысулық концентрациясын мониторингілеу және қажет болған жағдайда оның дозасын түзету ұсынылады. Егер Авизон-С сарысулық концентрациясын ұдайы мониторингілеу мүмкін болмаса, онда оның тәуліктік дозасы 2,0 г аспауы керек.
1 айдан 12 жасқа дейінгі балаларда Авизон-С препаратының тәуліктік дозасы 40-80 мг/кг құрайды, оны 6-12 сағат аралықпен 2-4 енгізуге бөледі. Ауыр инфекцияларды емдеу үшін дозаны тәулігіне 160 мг/кг дейін жоғарылатады.
Жаңа туғандарда Авизон-С ең жоғары тәуліктік дозасы тәулігіне 80 мг/кг аспауы керек; өмірінің бірінші аптасы ішінде препаратты әрбір 12 сағат сайын енгізу керек.
Ерітіндіні дайындау ережесі
Вена ішіне сорғалатып енгізуге арналған ерітіндіні дайындау үшін 1,0 г Авизон-С препаратын 10 мл, ал 2,0 г – 20 мл инъекцияға арналған суда немесе 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісінде ерітеді. Вена ішіне баяу 3-5 минут ішінде енгізеді; үйлесімді ерітінділерді құйғанда, венаішілік инфузияға арналған жүйенің инъекцияға арналған түйіні арқылы («резеңкеге») енгізуге болады. Вена ішіне тамшылатып инфузиялау үшін 1,0 г Авизон-С препаратын 20 мл инъекцияға арналған суда немесе 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісінде ерітеді; толық ерігеннен кейін алынған ерітіндіге 50-100 мл натрий хлоридінің ерітіндісін немесе 5% декстроза ерітіндісін қосады; венаішілік инфузияға арналған жүйені қолданып вена ішіне тамшылатып енгізеді.
Бұлшықет ішіне енгізу үшін 2% лидокаин гидрохлоридінің ерітіндісін қолдануға болады (жергілікті анестетиктерге аллергия болмаған кезде), бірақ оны ұнтақты бірінші рет сұйылту үшін қолдануға болмайды. Сондықтан ерітіндіні екі кезеңмен дайындайды. Бірінші рет сұйылту үшін төменде көрсетілген көлемде инъекцияға арналған суды қолдануға болады:
1,0 г Авизон-С- 2,4 мл
2,0 г Авизон-С- 4,7 мл
Содан кейін, 0,5% лидокаин гидрохлоридінің ерітіндісінде антибиотик ерітіндісін алу үшін бірінші сұйылтуда алынған құрамында сәйкесінше 1,0 г және 2,0 г Авизон-С препараты бар ерітіндіге 1,0 мл және 2,0 мл жергілікті анестетикті қосып, алынған ерітіндіні 2% лидокаин ерітіндісімен сұйылтады,
Лидокаинді педиатриялық практикада еріткіш ретінде қолдану ұсынылмайды.
Лидокаинді пайдаланып дайындалған препарат ерітінділерін вена ішіне енгізуге болмайды!
Дененің айқын бұлшықет қабаты бар жерлеріне (мысалы, жамбастың жоғарғы-сыртқы квадрантына) терең бұлшықет ішіне енгізеді.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алыңыз
Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда (қажет болса) қабылдау керек шаралар
Авизон-С препаратына ең жиі кездесетін жағымсыз реакциялар эозинофилия, лейкопения, тромбоцитопения, диарея, бөртпе және бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы болып табылады.
Авизон-С жағымсыз реакцияларының жиілігін анықтау үшін деректер клиникалық сынақтардан алынды.
Жиіліктердің жіктемесі былайша құрастырылған:
Өте жиі (шамамен 10%-дан астам пациенттерде кездеседі):
Жиі (1 %-дан көп, бірақ 10%-дан аз пациенттерде кездеседі):
Жиі емес (0,1 %-дан көп, бірақ 1 %-дан аз пациенттерде кездеседі):
Сирек (0,01 %-дан көп, бірақ 0,1 %-дан аз пациенттерде кездеседі)
Өте сирек (0,001 %-дан көп, бірақ 0,01 %-дан аз пациенттерде кездеседі)
Мүлде сирек / бірлі-жарым жағдайларда және т.с.с. (0,001%-дан аз пациенттерде кездеседі)
Өте жиі
- эозинофилия, лейкопения,тромбоцитопения
- диарея, сұйық нәжіс
- бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы
- бөртпе
Жиі
- генитальді зеңдік инфекция
- гранулоцитопения, анемия, коагулопатия
- бас ауыруы, бас айналуы
- жүрек айнуы, құсу
- қышыну
- флебит
- инъекция орнының ауыруы
- пирексия
- қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы
Редко
- қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы
- бронх түйілуі
- есекжем
- гематурия
- глюкозурия
- ісіну
- қалтырау
Өте сирек
- асқын инфекция
- гемолиздік анемия
- агранулоцитоз
- анафилаксиялық шок
- анафилаксиялық реакция, анафилактоидты реакция, аса жоғары сезімталдық, Яриш-Герксхаймер реакциясы
- құрысулар
- вертиго
- панкреатит
- стоматит
- глоссит
- өт қабындағы шөгінділер
- ядролық сарғаю
- Стивенс-Джонсон синдромы
- уытты эпидермалық некролиз
- мультиформалы эритема
- жедел жайылған экзантематозды пустулёз
- эозинофилиямен және жүйелі біліністермен дәрілік бөртпе (DRESS)
- олигурия
- бүйректегі шөгінділер (қайтымды)
- Кумбс сынамасының жалған-оң нәтижелері
- галактоземияға тесттің жалған-оң нәтижелері
- глюкозаны анықтаудың ферменттік емес әдістерінің жалған-оң нәтижелері
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препарат құрамы
Бір құтының ішінде
белсенді заттар:
натрий цефоперазоны, цефоперазонға баламалы натрий сульбактамы, сульбактамға баламалы |
1.0 г 1.0 г |
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе дерлік ақ ұнтақ
Шығарылу түрі және қаптамасы
Препарат бромбутилді резеңке тығынмен герметикалық тығындалған, алюминий қалпақшамен және Flip off пластмасса қақпақпен қаусырылып жабылған шыны құтыға салынған.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25° C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәліметтер
Свисс Парэнтэралс Лтд.
Unit II, Plot № 402, 412-414, Kerala Industrial Estate, G.I.D.C.
Nr. Bavla, Dist.; Ahmedabad - 382 220, Gujarat, ҮНДІСТАН
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Авицена-ЛТД» ЖШС
050010, Алматы қ., Қазақстан
Радлов к-сі 65,
«Сәлем» БО, 203-кеңсе
Тел/факс: (727) 344 19 90/91/92/93
e-mail: direct@avitsena.kz
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Авицена-ЛТД» ЖШС
050010, Алматы қ., Қазақстан
Радлов к-сі 65,
«Сәлем» БО, 203-кеңсе
Тел/факс: (727) 344 19 90/91/92/93
e-mail: direct@avitsena.kz
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
ConsultAsia ЖШС
050061, Алматы, Қазақстан,
Шевченко к-сі 165 Б
тел./факс: +7(727) 379 42 58
+77051708876
e-mail: pv@consultingasia.kz